15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Луис Энрикеге Жоао Педроға шабуыл жасағаны үшін дисквалификация қаупі төніп тұр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Луис Энрикеге Жоао Педроға шабуыл жасағаны үшін дисквалификация қаупі төніп тұр

Пари Сен-Жерменнің бас бапкері Луис Энрике Клубтық әлем чемпионатының финалынан кейінгі әрекеті үшін ауыр жазаға ұшырауы мүмкін. Ол «Челсидің» шабуылшысы Жоао Педроға физикалық күш қолданған.

Оқиға финалдық матчтың соңында орын алды. Кездесу лондондық клубтың 3:0 есебімен жеңісімен аяқталғаннан кейін Луис Энрике бразилиялық ойыншыны итеріп, артынан екі рет соққы жасаған.

Ойынның бас төрешісі, австралиялық Алиреза Фагани бұл эпизодқа қызыл қағаз көрсетпегенімен, ФИФА-ның тәртіптік комитеті жағдайды қайта қарап жатыр.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Энрике кемі үш халықаралық матчқа шеттетілуі мүмкін. Қазір ФИФА эпизодтың бейнематериалдарын және ресми тұлғалардың рапорттарын зерделеуде. Қорытынды шешім жақын күндері жарияланбақ.