15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артур Гатиятов «Номадқа» келді, бірақ клубтан кетуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Артур Гатиятов «Номадқа» келді, бірақ клубтан кетуі мүмкін

Франция мен Ұлыбританияда ойнаған қазақстандық шабуылшы Артур Гатиятов елордадағы «Номад» хоккей клубының құрамына қосылды. Бұл туралы «Головой об лёд» Telegram-арнасы хабарлады.

Алайда дереккөз мәліметінше, 25 жастағы хоккейші Қазақстанда «Барыс» жүйесіне тиесілі, және клуб оны сақтап қалғысы келеді. Соған қарамастан, Гатиятов команда құрамына сіңісе алмай жатыр, әрі даму қарқыны бәсең. «Номад» сапында ол өз деңгейінің шегіне жеткен, әрі алға жылжу байқалмайды.

Қазіргі уақытта ойыншыға бірден үш клуб қызығушылық танытып отыр: «Құлагер», Өскеменнің «Торпедосы» және «Сарыарқа». Бірақ Гатиятовты босата ма, жоқ па — бұл мәселе әзірге белгісіз. Оның тағдыры «Барыс» жүйесінің басшылығы мен жас ойыншылармен жұмыс істеу стратегиясына байланысты шешіледі.

Өткен маусымда Гатиятов Ұлыбританияның EIHL лигасында «Файф Флайерз» сапында өнер көрсетіп, 5 матчта 1 нәтижелі пас берген. Кейін ол Францияның Магнус лигасында «Шамони Мон-Блан» командасында ойнап, 16 кездесуде 5 (1+4) ұпай жинаған.