14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» Винисиуске Мбаппеден көп төлеуге дайын емес

«Реал» Винисиуске Мбаппеден көп төлеуге дайын емес

El Chiringuito TV хабарлауынша, мадридтік «Реал» мен Винисиус Жуниор арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді — тараптар жаңа келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келе алмай отыр.

Ынтымақтастықты ұзартудағы басты кедергі — қаржылық мәселе: «ақ түстілер» басшылығы бразилиялық қанатшабуылшыға Килиан Мбаппеден жоғары жалақы ұсынуға ниетті емес.

Белгілі болғандай, Винисиус Жуниор жаңа келісімшартқа қол қою бонусын қоса есептегенде жылына шамамен 30 миллион еуро көлемінде жалақы алуды көздеп отыр.