14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ПСЖ бір маусымда бес трофейді жеңіп алу мүмкіндігінен айырылды

ПСЖ бір маусымда бес трофейді жеңіп алу мүмкіндігінен айырылды

«Пари Сен-Жермен» футбол клубы әлемдік клубтар чемпионатының финалында лондондық «Челсиден» ірі есеппен жеңілді — 0:3.

Луис Энрике шәкірттері өздерінің коллекциясына бесінші трофейді қоса алмады — бұған дейін париждіктер Франция чемпионы атағын, ұлттық Кубокты, елдің Суперкубогын және басты еуропалық трофей — Чемпиондар Лигасын жеңіп алған болатын.