14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» — «Легия»: Жауапты кездесу алдындағы сарапшы пікірі

«Ақтөбе» — «Легия»: Жауапты кездесу алдындағы сарапшы пікірі

17 шілдеде Ақтөбенің Орталық стадионында «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы қарымта кездесу өтеді. Бұған дейін қос команда Варшавада кездесіп, жеңіс алаң иелеріне 1:0 есебімен бұйырған болатын.

Жауапты ойын мүлде басқаша өрбуі мүмкін. Осы орайда футбол сарапшысы Аспандияр Тілеуімбетовтің пікірін сұрап білдік.

– «Легия» мен «Олимпия» секілді тәжірибелі еуропалық клубтардың ойыны бірден байқалады. Бір ғана дайындалған тактиканың арқасында ойын тағдырын шешіп кете алады. Мысалы, «Ақтөбе» 1:0 есебімен жеңіп келе жатса да, соңғы минуттарда есеп теңесіп, ойын овертаймға ұласуы мүмкін. Өйткені өзіміздің кей ойыншылар орталық стадиондағы қысымды көтере алмай жатады, – дейді сарапшы.

– «Легия» жуырда Суперкубокты жеңіп, жақсы көңіл күймен келе жатыр. «Ақтөбеге» ең бастысы – қателікке бой алдырмай, мұқият ойнау. Сол кезде ғана жеңіс біздің тарапта болуы мүмкін.

Айта кетейік, егер «Ақтөбе» польшалық ұжымды жеңіп, келесі айналымға өтсе, чехиялық «Баник» командасымен кездеседі