14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» — «Торпедо»: Жауапты кездесу алдындағы сарапшы пікірі

«Ордабасы» — «Торпедо»: Жауапты кездесу алдындағы сарапшы пікірі

17 шілдеде Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында Шымкентте «Ордабасы» мен «Торпедо» арасындағы қарымта кездесу өтеді. Алғашқы ойын Грузияда өтіп, 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған еді.

Жауапты кездесудің нәтижесі қандай болмақ? Бұл жөнінде футбол сарапшысы Аспандияр Тілеуімбетовтен пікір білдік.

– «Ордабасы» алғашқы ойыннан-ақ «Торпедоны» ойланбастан жеңуі керек еді. Ол матчта голдар көбіне қорғаушылардың қателігінен соғылды. Егер жауапты ойында қорғаныс сенімді ойнайтын болса, Шымкент командасы екі немесе үш доп айырмасымен жеңіске жетуі тиіс, – дейді сарапшы.

Айта кетейік, егер «Ордабасы» бұл кезеңде жеңіске жетсе, келесі айналымда Кипрдің «Омония» клубымен кездеседі.