14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» — «Олимпия»: Жауапты кездесу алдындағы сарапшы пікірі

«Қайрат» — «Олимпия»: Жауапты кездесу алдындағы сарапшы пікірі

15 шілдеде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» пен «Олимпия» арасында матч өтеді. Қос команда бұған дейін алғашқы кездесуде Люблянада тең тарқасқан болатын.

Осы орайда Спорт Пульс тілшісі футбол сарапшысы Аспандияр Тлеумбетовтің пікірін білді.

– «Қайрат» өз алаңында бір гол соғып, қорғаныста жатуы керек. «Олимпия» – еуропалық команда, стильдері мүлде бөлек. Бір тактикамен ойын тағдырын шешіп кете алады. «Қайрат» үшін үлкен плюс – Словения чемпионаты әлі басталған жоқ, ойыншылары бабында емес. Мұны пайдалану қажет, – дейді сарапшы.

Ал есепке келер болсақ, матч овертаймға ұласатын түрі жоқ. Аспандияр Тлеумбетов бұл ойында «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетеді деп болжайды.

Айта кетейік, «Қайрат» ертеңгі ойында жеңіске жетсе, келесі кезеңде «КуПС» – «Милсами» арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі