14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» Еурокубок қарсаңында маңызды жеңіске қол жеткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» Еурокубок қарсаңында маңызды жеңіске қол жеткізді

ҚПЛ-дің 16-турында «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Астананы» 1:0 есебімен жеңіп, Еурокубок алдындағы көңіл күйін жақсартып алды.

Матчтағы жалғыз голды 85-минутта Эвертон соғып, шымкенттік клубқа үш ұпай сыйлады. Бұл жеңіс «Ордабасы» үшін моральдық тұрғыдан аса маңызды болды — команда алдағы күндері Еуропа аренасына шығады.

Ал «Астана» бұл маусымда кезекті рет жеңіліп, турнирлік кестеде тағы да ұпай жоғалтты.