14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Янник Синнер Уимблдонды бағындырды — Алькарастан реванш алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Янник Синнер Уимблдонды бағындырды — Алькарастан реванш алды

Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер 2025 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы атанды. Бұл — италиялық теннисшінің осы беделді жарыстағы алғашқы жеңісі.

Финалдық матчта Синнер ATP рейтингінде екінші орында тұрған Карлос Алькараспен кездесіп, былтырғы Ролан Гаррос финалындағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды. Төрт сетке созылған тартысты матчта Синнер 4:6, 6:4, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Алькарас бұл кездесуге Уимблдонның екі дүркін жеңімпазы әрі титулды қорғаушы ретінде шыққан еді. Алайда испандық теннисші бұл жолы қарсыласынан айласын асыра алмады.

23 жастағы Янник Синнер үшін бұл — маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» жүлдесі. Ол бұған дейін 2025 жылғы Australian Open-ды жеңіп алған болатын. Осылайша, Синнер өз статусы — әлемдік теннистің көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.