14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңіс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жеңіс» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Елорда командасы ҚПЛ-дің 16-турында өз алаңында «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде тағы үш ұпай еншіледі. Бұл — «Жеңіс» үшін қатарынан екінші жеңіс.

Ойын тағдыры алғашқы 60 минутта-ақ шешілді. 31-минутта Асылан Әділ есеп ашса, 41-минутта Дінмұхамед Қараман пенальтиден мүлт кеткен жоқ — 2:0. Екінші таймда Ардақ Сәулет есепті ұлғайтты — 3:0.

67-минутта қонақтар сапынан Жансұлтан Мұхамедханов бір голмен жауап қатты, алайда матч нәтижесіне әсер ете алмады — 3:1.

«Жетісу» соңғы бес ойында үшінші рет жеңіліп отыр.