14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ-да даулы пенальтиден кейін төрешілер маусым соңына дейін шеттетілді

ҚПЛ-да даулы пенальтиден кейін төрешілер маусым соңына дейін шеттетілді

Қазақстан Премьер-лигасының 16-шы турында «Тұран» мен «Қызылжар» арасындағы матч дау-дамаймен аяқталды — төрешілер Тимур Құмашев пен Георгий Чеховский ойынның соңғы минуттарында даулы пенальти тағайындап, қонақтарға 2:1 есебімен жеңіс әкелді.

Қазақстан футбол федерациясы оқиғаға жедел әрекет етті — екі төреші де 2025 жылғы маусым соңына дейін жұмыстан шеттетілді. Бұл шешім әртүрлі пікір тудырды, себебі ҚПЛ-дің басқа матчтарында даулы эпизодтар көбірек болған.

Тур матчтарында Котаро Киши тарихи жетістікке қол жеткізді — жапон футболшысы Қазақстан чемпионатында гол соққан өз елінің алғашқы өкілі атанды. Оның голы «Ұлытауға» «Елимаймен» тең ойнауға көмектесті — 1:1.

«Тобыл» Жаслан Жұмашевтің дубліның арқасында «Оқжетпестен» басым түсті (2:1) және көшбасшылар үштігіне көтерілді. Турдың басты матчында «Ордабасы» құрамында бір адам кем қалса да, «Астананы» минималды есеппен жеңді — 1:0.