14.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси — ПСЖ матчының бастапқы құрамдары белгілі болды

Челси — ПСЖ матчының бастапқы құрамдары белгілі болды

Моисес Кайседо жартылай финалда алған тобық жарақатынан айығып, «Челсидің» «Пари Сен-Жерменге» қарсы бастапқы құрамында шығады.

«Көктердің» шабуылында Жоау Педру бастайды — бапкерлер штабы оны Николас Джексон мен Лиам Делаптан артық көрді. Ромео Лавиа жарақаттан айығып, қосалқы құрамда отырады.

«ПСЖ» жартылай финалда «Реал Мадридті» 4:0 есебімен жеңген құрамын сақтап қалды.

«Челси» құрамы: Санчес; Густо, Чалоба, Колвилл, Кукурелья; Кайседо, Джеймс; Нето, Фернандес, Палмер; Жоау Педру.

Қосалқы құрам: Йоргенсен, Пендерс, Слонина, Сарр, Ансельмино, Адарабиойо, Ачеампонг, Дьюсбери-Холл, Андрей Сантос, Лавиа, Гию, Нкунку, Джордж, Джексон, Делап.

«ПСЖ» құрамы: Доннарумма; Хакими, Маркиньос, Бералдо, Нуну Мендеш; Витинья, Невеш, Руис; Дуэ, Дембеле, Кварацхелия.

Қосалқы құрам: Софонов, Тенас, Кимпембе, Камара, Заир-Эмери, Ли, Габриэль Москардо, Маюлу, Мбайе, Баркола, Гонсалу Рамуш.