13.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Швентек пен Анисимова Уимблдон финалында кездеседі

Швентек пен Анисимова Уимблдон финалында кездеседі

Ига Швентек пен Аманда Анисимова Уимблдон турнирінің финалдық матчында кездеседі деп хабарлайды Sports.

Беделді жарыс Лондондағы Бүкіләлемдік лаун-теннис және крокет клубының шөп корттарында өтуде — турнирдің жүлде қоры 53,5 миллион фунт стерлингті құрайды.

«Үлкен дулыға» турнирі 30 маусымда басталып, 13 шілдеде аяқталады — финалға шыққан теннисшілер аңызға айналған аренаның орталық кортында әйелдер арасындағы жеке разрядтың жеңімпазын анықтайды.