13.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Швентек Уимблдонда Графтың тарихи жетістігін қайталады

Швентек Уимблдонда Графтың тарихи жетістігін қайталады

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек Уимблдон финалында тарихи жеңіске жетті — ол америкалық Аманда Анисимованы 6:0, 6:0 есебімен жеңді.

Поляк теннисшісі — Ашық дәуірде Үлкен дулыға турнирінің финалында қос нөлмен жеңіске жеткен екінші спортшы. Бұған дейін мұндай жетістікке аңызға айналған Штеффи Граф қол жеткізген болатын, ол 1988 жылғы Ролан Гаррос финалында Наташа Звереваны жеңген еді.

Айта кетерлігі, Швентекке әлемнің 12-ші ракеткасын жеңу үшін небәрі 57 минут қажет болды.