12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тобыл» Черногориялық қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тобыл» Черногориялық қорғаушымен келісімшартқа қол қойды

Қостанайлық «Тобыл» клубы Черногориядан келген орталық қорғаушы Неманья Цавничпен ресми келісімшарт жасасқанын жариялады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Цавнич кәсіби мансабын Черногорияның «Зета» клубында бастаған. 2018 жылы Данияға ауысып, сол елдің бірінші лигасында «Фремад Амагер» және «ХБ Кёге» командаларында ойнады. Соңғы клубы — Босния және Герцеговинадағы «Железничар», онда ол негізгі құрамдағы маңызды ойыншылардың біріне айналған.

28 жастағы қорғаушы жалпы карьерасында 330-нан астам матч өткізіп, 8 гол соққан. Ол сондай-ақ Черногория жастар құрамасына да шақыртылған.

Неманья Цавнич 1995 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Бойы — 192 см, салмағы — 86 кг.

ҚПЛ-дің 14 турында «Тобол» 31 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр.