12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжар» Түркістанда пенальтидің арқасында жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қызылжар» Түркістанда пенальтидің арқасында жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында «Тұран» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдады. Қонақтар ойын басынан белсенді көрінгенімен, есепті күтпеген жерден алаң иелері ашты — Асылжан Аббас дәл соққысымен командасын алға шығарды.

«Қызылжардың» капитаны Александр Нойок бірден есепті теңестіруге тырысты, бірақ оның соққысы маңдайшадан кері серпілді.

Екінші таймда «Қызылжардың» шабуылы нәтижесін берді. Анатолий Козленко алыстан бағыттаған соққысымен есепті теңестірді. Кейін қонақтар тағы бір қауіпті шабуыл ұйымдастырып, пенальти орындауға мүмкіндік алды. 11 метрлік соққыны Тоқтар Жаңғылышбай мүлтіксіз орындап, командасына жеңіс сыйлады — 1:2.

Осылайша, «Қызылжар» Түркістаннан үш ұпаймен қайтса, «Тұран» турнирлік кестеде әлі де аутсайдерлер қатарында қалып отыр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!