12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Карлос Алькарас Лондонда Надальдың рекордын қайталады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Карлос Алькарас Лондонда Надальдың рекордын қайталады

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Уимблдон корттарында тағы бір тарихи нәтижеге қол жеткізді. Әлемнің екінші ракеткасы Лондонда қатарынан 20-жеңіске жетіп, өз отандасы Рафаэль Надальдың рекордтық көрсеткішін қайталады.

Осылайша, 21 жастағы Алькарас шөп жабындысындағы «Үлкен дулыға» турнирінде үздік серия жасаған теннисшілердің элиталық тізіміне енді. Бұл тізімде одан жоғарыда тек аңыз ойыншылар тұр:

Бьорн Борг – 41 жеңіс
Роджер Федерер – 40
Новак Джокович – 34
Пит Сампрас – 31

Алькарас өзінің 20-жеңісін жартылай финалда тіркеді. Ол АҚШ теннисшісі, әлемнің бесінші ракеткасы Тейлор Фрицті 6:4, 5:7, 6:3, 7:6 (8:6) есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды.

Енді Алькарас Уимблдондағы үшінші қатарынан титул үшін әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен финалда кездеседі. Финал 13 шілде, жексенбі күні өтеді.