11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

СКА Торпедоның қорғаушысы Маркус Филлипспен келісімшарт жасасты

СКА Торпедоның қорғаушысы Маркус Филлипспен келісімшарт жасасты

Петербордың СКА клубы қорғаушы Маркус Филлипспен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды СКА телеграм-арнасы. 26 жастағы хоккейшімен келісім бір маусымға жасалды.

Өткен маусымда Филлипс қазіргі СКА бас бапкері Игорь Ларионов жаттықтырған Нижний Новгородтың «Торпедо» командасының намысын қорғады.

Қорғаушы КХЛ тұрақты чемпионатында 58 ойын өткізіп, 13 ұпай жинады (2 шайба + 11 пас), пайдалылық көрсеткіші «+5» болды. Мұзда орташа ойын уақыты 17 минут 33 секундты құрады. Гагарин Кубогында хоккейші 4 кездесу өткізіп, пайдалылық көрсеткіші «+1» болды.