11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Юрий Ковтун: Зайнутдинов — «Спартак» үшін жақсы трансфер

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Юрий Ковтун: Зайнутдинов — «Спартак» үшін жақсы трансфер

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы ойыншысы Юрий Ковтун қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновтың бұл клубқа ауысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

– Зайнутдинов әрқашан алаңда көп жұмыс атқарады. Ол — кәсіби деңгейі жоғары, еңбекқор футболшы. Соңғы уақытта көп ойнамағаны рас. Бірақ менің ойымша, бұл — «Спартак» үшін жақсы трансфер, – деді Ковтун.

Сондай-ақ ол бұрынғы ЦСКА ойыншыларының «Спартакқа» ауысуына қатысты ойын білдірді:

– «Динамоның» да бұрынғы ойыншылары ауысып жатады. Қазір клубтық дәстүр деген ұғым әлсіреген. Ең бастысы – футболшы жаңа командада өзін қалай көрсетеді. Жанкүйерлердің сенімін ақтау керек. Зайнутдинов фанаттардың қысымына тап болмаса екен деп тілеймін.

Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов бұған дейін Ресей Премьер-лигасында «Ростов» пен ЦСКА сапында ойнаған. Жалпы РПЛ-де 95 матч өткізіп, 9 гол және 8 нәтижелі паспен көзге түскен.

Сондай-ақ ол 2023 жылы ЦСКА құрамында Ресей кубогын жеңіп алған.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!