11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанда жаңа әуесқой футбол лигасы құрылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстанда жаңа әуесқой футбол лигасы құрылды

Қазақстан футбол федерациясы ел аумағын толық қамтитын жаңа ауқымды турнирдің басталғанын ресми түрде жариялады. «Қазақстан әуесқой лигасы» атауымен өтетін бұл чемпионат 11х11 форматына негізделіп, бұқаралық футболды жүйелі түрде дамытуды көздейді.

Алғашқы маусымда бұл лигада 268 команда, 5000-нан астам ойыншы бақ сынайды. Ойындар елдің 34 түрлі өңірінде өткізіліп, 1500-ден астам матч жоспарланған. Мұндай көлемдегі жарыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

КФФ бас хатшысы Давид Лорияның айтуынша:

«Бұл турнирді жай ғана жарыс емес, отандық футбол дамуының жаңа кезеңі деп білеміз. Әрбір футбол жанкүйері мен әуесқой ойыншы қатыса алатын ашық алаң. Осы арқылы аймақтарда футбол жанданып, жастарға жаңа мүмкіндік ашылады. Біз бұл жобаны жыл сайын жоғары деңгейде өткізіп тұруға ниеттіміз.»

Турнир екі кезеңнен тұрады:

  • Аймақтық кезең – мамыр мен қыркүйек аралығында 20 өңірде өтеді.
  • Финалдық кезең – күзде, Қазақстан чемпионы атағы сарапқа салынады.

Жеңімпаз команда келесі маусымда:

  • 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға,
  • Қазақстан кубогына қатысуға,
  • УЕФА-ның Региондар кубогында ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Бұл турнир КФФ-ның кәсіби және бұқаралық футбол арасында біртұтас жүйе құру стратегиясына толық сай келеді және ел футболының барлық деңгейінде дамуына серпін береді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!