11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Taekwondo Diamond Game халықаралық турнирінде қазақ таэквондошылары финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
World Taekwondo Diamond Game халықаралық турнирінде қазақ таэквондошылары финалға шықты

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан World Taekwondo Diamond Game халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жарқын жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Әйелдер арасындағы командалық сында еліміздің намысын қорғап жатқан Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева жартылай финалда Индонезия құрамасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Енді шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшылар Марокко құрамасына қарсы алтын медаль үшін күш сынасады.