10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахмонов өзіне қымбат көлік сатып алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шавкат Рахмонов өзіне қымбат көлік сатып алды

UFC ұйымындағы жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов желіде жеке өміріне қатысты жағымды жаңалығымен бөлісті. Ол 2025 жылғы Mercedes G-классты жол талғамайтын көлікті сатып алғанын көрсетті. Бұл көліктің Қазақстандағы бағасы 145 миллион теңгеден басталады.

Жаңа темір тұлпардың суретін жүктеген Рахмонов: «Егер өзіңе сыйлық жасамасаң, сені ешкім ойламайды», – деп жазба қалдырды. Кадрлардан көліктің ерекше комплектациясы бары байқалады. Демек, нақты бағасы бастапқы сомадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де әлі жеңілмеген. Ол соңғы жекпе-жегін былтыр күзде ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Қазіргі уақытта оның келесі жекпе-жегі туралы ресми ақпарат жоқ, дегенмен жанкүйерлер арасында қызығушылық әлі де жоғары.