10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Team Spirit капитаны командадан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Team Spirit капитаны командадан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Team Spirit капитаны Леонид «chopper» Вишняков Twitch платформасындағы эфир кезінде Counter-Strike 2 бойынша командадан шығарылуы мүмкін екенін айтты.

«Бұл жолы бағым шапты білем. Жарты жылдан кейін келіңіз, мүмкін сол кезде шығарып тастар. Бұл әрі әзіл, әрі шындық», — деді киберспортшы.

Вишняковтың пікірінше, оның құрамда қалуының басты себебі — капитандық позицияға лайықты ауыстырушының болмауы. Сонымен қатар, команданың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда стримингке және талдауға көшуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жақында Team Spirit құрамында өзгерістер болды — Борис «magixx» Воробьевтің орнына Nemiga Gaming командасынан Иван «zweih» Гогин келді.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch