10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» скауттарын жұмыстан босатып, реформаларға агенттік жалдады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Юнайтед» скауттарын жұмыстан босатып, реформаларға агенттік жалдады

«Манчестер Юнайтед» басшылығы скауттық қызмет жүйесін түбегейлі өзгертуді ұйғарды. Daily Mail мәліметінше, клуб ойыншыларды іздеу және іріктеу құрылымын қайта құру бойынша ауқымды реформаларды бастап кетті.

Көп жылдар бойы «Юнайтедтің» трансферлік саясаты қатаң сынға ұшырап келді. Қомақты қаржыға алынған футболшылардың көбісі «Олд Траффордта» өзін көрсете алмады. Бірақ сэр Джим Рэтклифф клубқа келгеннен кейін бұл бағытта өзгерістер байқала бастады.

Реформалар аясында клуб скауттық бөлімнің едәуір бөлігін жұмыстан босатты. Сонымен қатар, ішкі жүйені қайта құру үшін Sportsology консалтинг компаниясы тартылды.

Реформа аяқталғаннан кейін скауттық құрылым жаңа рекрутинг директоры Кристофер Вивельге бағынатын болады. Айта кетейік, ол бұған дейін «Ред Булл» және «Челси» клубтарында жұмыс істеген.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!