10.07.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Челси – ПСЖ: Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына болжам (14.07.2025)

Челси – ПСЖ: Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына болжам (14.07.2025)

2025 жылғы 14 шілде күні Астана уақытымен 00:00-де Нью-Джерсидегі «Метлайф Стэдиум» аренасында Клубтар арасындағы әлем чемпионатының шешуші финалдық матчы өтеді. Бұл ойында Конференциялар лигасының жеңімпазы мен Чемпиондар лигасының иегері күш сынасады. Финалға ең жүйелі екі команда жетті. Бірақ біреуі әлі қалыптасу үстінде болса, екіншісі нағыз бабында. Букмекерлер бұл кездесуде фаворит ретінде ПСЖ-ны атауда. Ендеше командалардың қазіргі жағдайына шолу жасап, болжам жасайық.

Челси

«Челси» терең құрамға сенім артты, және бұл тактика өз жемісін берді. Бір жыл бұрын бұл үшін оларды күлкіге айналдырған еді, алайда бүгінде ротацияның арқасында лондондықтар Клубтық чемпионатқа тың күйде келді.

Иә, Челси бұл турнирде қиындықсыз өткен жоқ. «Фламенгуден» 1:3 есебімен жеңілді, ал «Бенфиканы» тек овертаймда жеңді. Бірақ кейін екі бірдей бразилиялық клубты – «Палмейрас» (2:1) пен «Флуминенсе» (2:0) – қатарынан ұтып, финалға шықты. Енді «синілер» маусымдағы екінші трофейін алуға жақын.

ПСЖ

Париждік клуб маусымның екінші жартысында ерекше қарқын алды. Қазір Еуропадағы ең қауіпті командалардың бірі. Стиль жағынан олар Ханс Флик баптайтын «Барселонаға» ұқсас, бірақ қорғанысы әлдеқайда мығым.

Финалға жолда ПСЖ екі еуропалық алыпты жеңді. Әуелі «Баварияны» екі қызыл қағазбен ойнап жүріп тізе бүктірді. Кейін жартылай финалда «Реал Мадридті» 4:0 есебімен тас-талқан етті. Оның үшеуі бірінші таймда-ақ соғылды.

Статистика және өзара кездесулер

Соңғы 9 жылда бұл командалар бір-бірімен кездеспеген. Алайда 2012-2016 жылдары аралығында олар 8 рет ойнаған. Статистика бойынша артықшылық ПСЖ жағында — 3 жеңіс, 4 тең ойын және 1 жеңіліс.

Болжам

Челси – ПСЖ матчы бойынша болжам: Париж командасының жеңісі. Луис Энрике шәкірттері керемет формада. Соңғы алты айда ПСЖ «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Астон Вилла» және «Арсенал» секілді АПЛ алпауыттарын жеңді.

Осыны ескере отырып, ПСЖ-ның негізгі уақытта жеңісіне (коэффициент 1.62) ставка жасау орынды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча