10.07.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Олимпия Любляна – Қайрат: Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне болжам (08.07.2025)

Олимпия Любляна – Қайрат: Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне болжам (08.07.2025)

2025 жылғы 8 шілде күні Астана уақытымен 22:00-де Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің аясында «Олимпия Любляна» мен «Қайрат» кездеседі. Алматы клубы Словенияға қонаққа барады. Бұл матчта алаң иелері фаворит саналады. Екі команданың қазіргі формасына шолу жасап, болжам ұсынайық.

Олимпия Любляна

Словениялық клуб бұл кездесуге физикалық тұрғыдан жақсы дайындықпен келуі тиіс. Командада маусымаралық үзіліс болғанымен, ел біріншілігі 19 шілдеде басталады. Демек, «Олимпия» жаңа маусымға дайындықты әлдеқашан бастап кеткен.

Клуб Словения чемпионы атағын қорғап отыр. Өткен маусымда «Олимпия» сенімді ойын өрнегін көрсетіп, 36 матчта небәрі 20 гол жіберген. Еурокубоктағы өткен маусымда олар Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алғанымен, плей-оффтың бірінші кезеңінде «Борацқа» жол берген.

Қайрат

Алматылық команда бұл ойынға сорпасы ыстық күйде келіп отыр. Қазақстан чемпионаты қызған шақта өтіп жатыр. «Қайрат» 4 шілде күні «Туранмен» 16-тур матчын өткізіп, 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Бұл нәтижесі клубтың байыпты дайындықта екенін дәлелдейді.

Команда биыл чемпиондық үшін таласқа қайта араласқан. Қазақстан кубогында 1/8 финалда сүрінсе де, жалпы маусым жақсы өтуде. «Сары-қаралар» сырт алаңда да жақсы ойнап жүр. Мәселен, чемпионат аясындағы 10 қонақ кездесуінің тек біреуінде ғана жеңіліп, қысымға төтеп бере алатынын көрсетті.

Статистика және өзара кездесулер

Бұл екі команда алғаш рет кездеседі. Сондықтан бетпе-бет кездесулер туралы дерек жоқ.

Болжам

«Олимпия Любляна» – «Қайрат» матчына болжам – қонақтардың пайдасына. Словениялық ұжымның нақты қай деңгейде екені беймәлім. Ал «Қайрат» ойын ырғағында, және ел біріншілігіндегі үзіліс команданың Еурокубокке дайындалуына ыңғайлы мүмкіндік болды. Сондықтан бұл ойында «Қайраттың» +1 форамен жеңісі (яғни, кем дегенде жеңілмейді) тиімді ставка болмақ. Коэффициент — 1.62.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча