10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Легия» – «Ақтөбе»: маңызды матч алдында сарапшы пікірі

«Легия» – «Ақтөбе»: маңызды матч алдында сарапшы пікірі

11 шілде күні Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында Варшавада Польшаның «Легия» және Қазақстанның «Ақтөбе» командалары кездеседі. Бұған дейін қос команда екі рет ойнап, екі матчта да жеңіс поляк ұжымына бұйырған.

Алайда ертеңгі кездесу мүлдем басқаша болмақ. Осыған байланысты спорт сарапшысы Әли Тастан өз ойымен бөлісті:

«Әрине, бұл ойын «Ақтөбе» үшін оңай болмайды. Дегенмен, ақ-қызылдардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болатыны анық. Жақында жасалған трансферлер команданың ойынына серпін беруі мүмкін. Сонымен қатар, «Легия» жанкүйерлерінің бойкот жариялауы да ойынға әсер етпей қоймайды. Меніңше, «Легия» ең көп дегенде екі доп айырмасымен жеңіске жетуі мүмкін. Ал Ақтөбедегі қарымта матчта жерлестеріміздің жеңіске жетуге немесе тең ойнауға толық мүмкіндігі бар».

Айта кетейік, «Легия» мен «Ақтөбе» арасындағы алғашқы матч 10 шілдеден 11 шілдеге қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.