10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әмір Омарханов Уимблдонның ширек финалына жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әмір Омарханов Уимблдонның ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік серіктесі Егор Плешивцевпен бірге Уимблдон-2025 турнирінің жасөспірімдер арасындағы жұптық сайысының ширек финалына шықты.

Екінші айналымда қазақстандық-ресейлік дуэт басты фавориттердің бірі — ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Якопо Васамиді екі сетте сенімді жеңді — 6:3, 6:2. Матч небәрі 1 сағат 11 минутқа созылды.

Омарханов пен Плешивцев енді ширек финалда келесі қарсыластарын күтуде.