10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Синнер Уимблдон жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Синнер Уимблдон жартылай финалына шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер Уимблдон-2025 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 1/4 финалдық кездесуде ол америкалық Бен Шелтонмен ойнап, еш мүмкіндік қалдырмады.

Бірінші сет тай-брейкте аяқталды — 7:6 (7:2), ал келесі екі партияда Синнер қарсыласын бірдей есеппен — 6:4 есебімен жеңді. Нәтижесінде, матч 3:0 есебімен италиялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Бұған дейін Синнер Луку Нарди, Александр Вукич, Педро Мартинес пен Григор Димитровты жарыс жолынан шығарған болатын.