10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тур де Франс» жарысында ер адам көрермендерге пышақпен шабуыл жасады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тур де Франс» жарысында ер адам көрермендерге пышақпен шабуыл жасады

Францияның Руан қаласында өтіп жатқан әйгілі «Тур де Франс» веложарысының төртінші кезеңінде төтенше оқиға болды. Жанкүйерлер арасында пышақпен қаруланған ер адам шабуыл жасап, полиция қызметкерін жарақаттады.

Оқиға мәреге екі сағат қалғанда орын алған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті дәстүрлі джеллаба киімінде болған. Қарулы полиция өкілі оған қарсы оқ атып, аяғынан жаралап, кейін қамауға алды. Абырой болғанда, жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Полицияның мәліметінше, шабуыл жасаған азамат осыған дейін психиатриялық клиникадан қашып кеткен екен. Жараланған полиция қызметкерін бронежилет аман алып қалғанымен, пышақ соққысы қорғалмаған жерге тиген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.