09.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

PGL Астанадағы киберспорт турнирінің күндері мен жүлде қорын жариялады

PGL Астанадағы киберспорт турнирінің күндері мен жүлде қорын жариялады

Турнир операторы PGL PGL Astana 2026 киберспорт чемпионатының өткізілу мәліметтерін жариялады — шара 12 мың көрерменге арналған Barys Arena алаңында өтеді.

Жарыс 2026 жылдың 7-18 мамыр аралығында өткізіледі, ал жүлде қоры 1,6 миллион долларға жетеді. Турнирге 16 команда қатысады — 12 команда VRS рейтингі бойынша шақырылады, қалған 4-і ашық және жабық іріктеу кезеңдерінен өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, екі ай бұрын аяқталған PGL Astana 2025 турнирінде Team Spirit командасы Astralis құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, 625 мың доллар көлеміндегі жүлде қорын иеленді.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch