09.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА еурокубоктардағы плей-офф ойындарының ережелерін өзгертті

УЕФА еурокубоктардағы плей-офф ойындарының ережелерін өзгертті

Championat.com хабарлауынша, УЕФА еуропалық клубтық турнирлердің регламентіне елеулі өзгерістер енгізді — 2025/26 маусымынан бастап плей-офф кезеңінде үй және сырт алаң ойындарының жеребесі жойылады.

Жаңа ереже барлық негізгі турнирлерге қатысты болады — Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы, Конференциялар Лигасы және әйелдер Чемпиондар Лигасы. Енді топтық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен команда жауап матчын өз алаңында өткізу құқығына ие болады.

Өзгерістердің қажеттілігін көрсететін мысал ретінде өткен маусымдағы «Реал» мен «Арсенал» арасындағы ширек финалды келтіруге болады — мадридтіктер кестеде төменгі орында тұрса да, жауап кездесуін өз алаңында өткізді.

Сонымен қатар регламентке қосымша шарт енгізілді — егер төменгі рейтингтегі команда келесі кезеңге өтсе, ол келесі кезеңдерде жеңілген қарсыласының рейтингтік позициясын иеленеді.