08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ерасыл Саулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ерасыл Саулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының атлеті Ерасыл Саулебеков алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Саулебеков қоссайыс нәтижесі бойынша 344 келіні (153 кг — жұлқа көтеру, 191 кг — серпе көтеру) еңсеріп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Күміс медаль 341 келі (151+190) нәтижемен Өзбекстан өкілі Бекзод Гофиржоновқа бұйырды. Үшінші орынды Үндістаннан Сайраж Пардеши (338 келі — 152+186) еншіледі.

Бұл – Қазақстан құрамасының бүгінгі күндегі екінші алтыны. Бұған дейін өз жас санатында Кира Данилова топ жарған болатын.