08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Qazsport-тан гонорар үшін бас тартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» Qazsport-тан гонорар үшін бас тартты

Алматылық «Қайрат» клубы Еурокубок ойындарын Qazsport телеарнасынан көрсетуге рұқсат бермеді. Телеарна басшысы Нәги Бақытбековтың айтуынша, клуб көрсетілім үшін арнайы гонорар талап еткен.

Qazsport арнасы «Қайратқа» өз алаңындағы ойынды түсіріп, сырт алаңдағы матчтың трансляциясына айырбастауды ұсынған. Алайда клуб мұндай ұсыныстан бас тартып, жеке ұйым екенін және бизнес-тәсілмен жұмыс істейтінін алға тартқан.

Енді алматылық клуб барлық үй матчтарын түсіріп, көрсету үшін басқа арнамен жұмыс істемек. Ал сырт алаңдағы ойындарға қатысты келіссөздер әлі жалғасып жатыр.

Айта кетейік, биылғы Еурокубок маусымында Қазақстаннан төрт клуб өнер көрсетеді: «Қайрат» (Чемпиондар лигасы), «Ақтөбе» (Еуропа лигасы), «Ордабасы» мен «Астана» (Конференциялар лигасы).