08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Танат Нөсербаев «Ордабасының» спорт директоры атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Танат Нөсербаев «Ордабасының» спорт директоры атанды

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Танат Нөсербаев Шымкенттің «Ордабасы» клубына спорт директоры болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

Алдыңғы спорт директоры Қайрат Әшірбеков клуб жүйесінде басқа қызметке ауысады.

Танат Нөсербаев — шымкенттік футбол мектебінің түлегі. Ол «Ордабасы» сапында екі рет ойнаған: 2006–2010 және 2017–2018 жылдары. Жалпы бұл клуб үшін 120 матч өткізіп, 22 гол соққан. Сондай-ақ ол «Астана» мен «Тобыл» клубтарының намысын қорғады. Астана сапында үш рет ел чемпионы атанып, екі мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

Ұлттық құрамада Нөсербаев 2008–2017 жылдар аралығында 28 ойын өткізіп, 3 голмен көзге түсті.

ҚПЛ-дың 14 турынан кейін «Ордабасы» 20 ұпаймен турнирлік кестеде жетінші орында тұр.