08.07.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Сарапшы пікірі: «Қайрат» – «Олимпия» матчында жас ойыншылар шешуші рөл атқарады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сарапшы пікірі: «Қайрат» – «Олимпия» матчында жас ойыншылар шешуші рөл атқарады

Алматылық «Қайрат» соңғы ойындарын  сәтті аяқтады — қатарынан үш жеңіс, алты гол және бірде-бір жіберілген доп жоқ. Дегенмен команданың басты сынағы алда — Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі словениялық «Олимпияға» қарсы ойын.

Алдағы матч жайлы Sport Pulse порталына комментатор, сарапшы Мади Жақсыбаев  өз пікірін білдірді.

«Қайрат» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде словениялық «Олимпиямен» кездеседі. Бұл матчта алматылық команда минималды жеңіске жете алады деп есептеймін.

Сарапшының айтуынша, «Қайраттың» қаруы — жас дарын мен тәжірибе үйлесімі.

Соңғы бес матчтың нәтижелеріне қарап, екі команданың да деңгейі шамалас деуге болады. Алайда «Қайраттың» құрамында тәжірибелі ойыншылар мен жас таланттардың үйлесімі бар. Әсіресе Дастан Сәтпаев пен Рамазан Бағдат командаға жылдамдық пен креатив қосады. Жас футболшылар өте жігерлі, ал Сәтпаевтың соңғы кездегі жоғары формасы матч тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін.

«Қайраттың» сенімді қарқыны және Сатпаевтың шешуші рөлі.

Соңғы ойындарда «Қайрат» сенімді әрі сапалы футбол көрсетіп жүр. Команда құрылымы, қозғалысы және тәртібімен қуантады. Олар допты бақылауға алып, өз қарқынын қарсыласқа тықпалап ойнауға тырысады, тіпті сырт алаңда да. Сонымен қатар құрамда жеке шеберлігімен ойынды шиеленістіре алатын ойыншылар жеткілікті. Солардың қатарында Сатпаев пен Багдат бар. Дастан шешуші матчтарда гол соға алатынын әлдеқашан дәлелдеген. Оның шабуылдағы салқынқандығы мұндай ойында аса маңызды рөл атқарады.

«Қайрат» өз стилінде ойнап, жеңіске жете ала ма?»

Матчтың басында «Қайраттан» белсенді бастап, қарсылас қақпасына алғашқы минуттардан қысым жасауды және жылдам гол салуға тырысуын күтемін. Егер команда өз ойынын көрсете алса және жас ойыншылардың жылдамдығын тиімді пайдаланса, маңызды жеңіске қол жеткізуі әбден мүмкін.

 

Еске салайық, «Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы матч 8 шілде, сейсенбі күні УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойын Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында өтеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!