08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы өтіп жатыр.

Отандастарымыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда, Оңтүстік Кореяға 1-2 есебімен жол берді.

Ал, қола жүлде үшін өткен айқаста қазақстандықтар Марокко спортшыларын 2-1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан жыл соңында өтетін Әлем кубогына жолдама алды.

Сондай-ақ, әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлықтарға 2:0 есебімен жол берді.