08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық хоккейші АҚШ клубымен келісімшарт жасасты

Қазақстандық хоккейші АҚШ клубымен келісімшарт жасасты

Шымкент хоккейінің түлегі Александр Ким АҚШ-тың Блэк Беар академиясымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 15 жастағы шабуылшы «Нью-Гэмпшир Маунтин Кингз» командасы сапында AAA деңгейіндегі тұрақты чемпионатта 45 матч өткізіп, 37 (17+20) ұпай жинады.

Ал Қазақстанның 16 жасқа дейінгі чемпионаты аясындағы жеті ойында «Тұран» командасы үшін өнер көрсетіп, 13 (5+8) нәтижелі ұпайға ие болды.