08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбенің» ойыншысы «Жеңіске» ауысты

«Ақтөбенің» ойыншысы «Жеңіске» ауысты

«Ақтөбе» 21 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Дархан Бердібектің «Жеңіске» жалға кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Ақтөбелік» жартылай қорғаушы Дархан Бердібек астаналық «Жеңіс» сапында биылғы маусымның соңына дейін жалға ойнайтын болады.

21 жастағы футболшы өткен маусымда «қызыл-ақтардың» қатарына қосылып, негізгі құрамда 5 матч өткізіп, екі гол соққан.