07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бабаян: «Жетісуға» бірде-бір мүмкіндік берген жоқпыз

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бабаян: «Жетісуға» бірде-бір мүмкіндік берген жоқпыз

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ-дың 15-турында «Жетісу» командасымен өткен сырт алаңдағы жеңісті (2:0) қорытындылап, матч жайлы пікір білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Маманның айтуынша, ойын басында аздаған бейімделу қиындықтары болғанымен, команда тез арада жағдайға үйреніп, бірінші минуттардан-ақ матчты бақылауына алған.

– Ойын мазмұны жағынан өте жақсы өтті. 10-минутқа қарай басымдықты өз қолымызға алдық, сәттер жасай бастадық. Қорғаныстағы ойынымыз да ұнады. Сырт алаңда ойнасақ та, барлық кезеңде тәртіпті ойнадық және қарсыласқа ешқандай мүмкіндік берген жоқпыз, – деді Бабаян.

Ол сондай-ақ бірінші таймда ойын толық «Астананың» бақылауында болғанын, команда бірнеше қауіпті сәттер жасап, Грипшидің дәл соққысынан кейін үзіліске алда шыққанын атап өтті. Екінші таймда маңыздысы — «Жетісуға» сенімділік алуға жол бермеу болғанын айтты.

15 турдан кейін «Астана» ҚПЛ турнир кестесінде 37 ұпаймен көш бастап тұр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!