07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шавкат Рахмонов сын айтқандарға жауап беріп, жастарға кеңес айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шавкат Рахмонов сын айтқандарға жауап беріп, жастарға кеңес айтты

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында мотивация жайлы ой бөлісіп, сын айтқандарға жауап беріп, спорттағы басты мақсатын атады.

«Жеңіске тойып алды» дейтіндер менің жолымды жүріп көрсін – сосын сөйлесеміз. Мен – робот емеспін. Менің отбасым, денсаулығым, міндеттерім бар. Ақша – мақсат емес. Мақсат – белдік. Алла қаласа, сол белдікті Қазақстанға алып келемін», – деді Рахмонов.

Шавкат қарсыластарын ешқашан деңгейге бөлмейтінін айтып, әр жекпе-жекке бірдей жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

«Әрбір жекпе-жек – қиын. Мен ешқашан «бұл жолы оңай жеңемін» деп октагонға шықпаймын. Барлығы – құрметке лайық. Барымды салып дайындаламын».

Сөз соңында Рахмонов жастарға кеңес те айтты.

«Егер байдың баласы болсам, бизнес жасайтын едім. Жастарға айтарым: білім алыңдар, денсаулықтарыңды қор қылмаңдар».