07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшылар Астанада өткен Әлем кубогында 16 жүлде иеленді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық боксшылар Астанада өткен Әлем кубогында 16 жүлде иеленді

30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада World Boxing ұйымының қолдауымен бокстан Әлем кубогының үшінші кезеңі өтті. Ауқымды додаға 30 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасынан 20 боксшы бақ сынап, оның 16-сы жүлделі орыннан көрінді. Финалға шыққан 12 отандасымыздың жетеуі алтын медаль иеленді:

– Санжар Тәшкенбай (50 кг)
– Махмұд Сабырхан (55 кг)
– Сабыржан Аққалықов (75 кг)
– Бекзад Нұрдәулетов (85 кг)
– Айбек Оралбай (+90 кг)
– Назым Қызайбай (48 кг)
– Виктория Графеева (60 кг)
– Наталья Богданова (70 кг)

Күміс жүлдені мына боксшылар еншіледі:

– Нұрбек Оралбай (80 кг)
– Алуа Балқыбекова (51 кг)
– Надежда Рябец (75 кг)
– Елдана Тәліпова (+80 кг)

Ал жартылай финалда сүрінген төрт боксшымыз қола медальмен шектелді:

– Ертуған Зейнуллинов (65 кг)
– Сағындық Тоғамбай (90 кг)
– Айдана Забынбекова (57 кг)
– Аида Әбікеева (65 кг)

Ашық форматта өткен турнирде қазақстандық былғары қолғап шеберлері лайықты өнер көрсетіп, командалық табыстың негізгі қозғаушы күшіне айналды.