07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джейк Пол WBA рейтингіндегі даудан кейін Баду Джекпен жекпе-жек талап етті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Джейк Пол WBA рейтингіндегі даудан кейін Баду Джекпен жекпе-жек талап етті

Америкалық блогер-боксшы Джейк Пол Хулио Сезар Чавес-кішімен болған жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін, WBA ұйымының жаңартылған рейтингінде бірінші ауыр салмақта 14-орынға көтерілді. Бұл шешім кәсіби боксшылар мен сарапшылар тарапынан қатты сынға ұшырады.

Осы жағдайға байланысты Пол әлеуметтік желідегі парақшасында:

«WBA мен Хильберто Мендосеге құрметім шексіз — олар жүйені бұзып, мені мойындаудан қорықпады. Қазіргі чемпион Баду Джекке қарап отырмын — келесі қарсыласым сол болсын», — деп жазды.

Айта кетейік, бұл рейтингке енуге байланысты дау-дамайдан кейін WBA ұйымы бұл мәселені шілденің 15-18 аралығында Мадридте өтетін еуропалық конференциясында қайта қарауға уәде берді.