07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы Астанадағы бокстан әлем кубогында бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы Астанадағы бокстан әлем кубогында бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы Астанада аяқталған World Boxing әлем кубогының медаль санағында сенімді түрде бірінші орынға ие болды.

Қазақстандық боксшылар отандық турнирде тамаша нәтиже көрсетті — сегіз алтын, төрт күміс және төрт қола медаль. Екінші орынды төрт алтын, екі күміс және бір қола медальмен Бразилия құрамасы иеленсе, үздік үштікті үш алтын, бес күміс және үш қола медаль жеңіп алған Үндістан құрамасы түйіндеді.

Турнирге бокс саласында танымал елдерден бастап, осы спорт түрін дамытып келе жатқан мемлекеттерге дейін 22 елдің спортшылары қатысты:

  • Австралия — 1-1-1
  • Өзбекстан — 1-0-4
  • Франция — 1-0-3
  • Норвегия және Финляндия — 1-0-0
  • Түркия — 0-2-6
  • Жапония және АҚШ — 0-1-2
  • Болгария, Германия, Моңғолия — 0-1-1
  • Филиппин — 0-1-0
  • Әзірбайжан және Англия — 0-0-3
  • Қырғызстан, Нигерия, Польша, Тайвань және Доминикан Республикасы — 0-0-1