06.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Беларусь экс-чемпионы Владислав Васильев павлодарлық «Ертіске» ауысты

Беларусь экс-чемпионы Владислав Васильев павлодарлық «Ертіске» ауысты

KazFootball.kz мәлімдегендей, павлодарлық «Ертіс» қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевті қатарына қосты.

Қарағанды «Шахтерінің» тәрбиеленушісі — түрлі чемпионаттарда ойнаған тәжірибелі футболшы. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 59 матч өткізіп, үш гол соқса, Беларусь чемпионатында 93 ойын өткізіп, 15 гол соққан.

28 жастағы жартылай қорғаушының мансабындағы ең табысты кезеңдері:

  • «Динамо-Брест» — Беларусь чемпионы
  • «Тобыл» — Қазақстан Суперкубогының иегері
  • «Ордабасы» — Қазақстан чемпионы

Васильев сондай-ақ өзбекстандық «Андижан» құрамында ойнаған және Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 12 матч өткізген белсенді ойыншы болып табылады.