06.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» клубтық әлем чемпионатының ширек финалында «Боруссияны» жеңді

«Реал» клубтық әлем чемпионатының ширек финалында «Боруссияны» жеңді

Мадридтік «Реал» «Метлайф Стэдиумда» өткен клубтық әлем чемпионатының ширек финалында дортмундтық «Боруссияны» жеңіске жетті.

«Ақ көйлектілер» 10-шы минутта Гонсало Гарсияның голымен есеп ашса, 20-шы минутта Фран Гарсия басымдықты еселеді. Матч соңында ауыстырудан шыққан Килиан Мбаппе үшінші голды соқты.

Дортмундтықтар қосымша уақытта интрига туғызды — Максимилиан Байер мен Серу Гирасси мадридтіктердің қақпасына гол соқты, бірақ көбірекке уақыт жетпеді. Соңғы есеп — «Реалдың» пайдасына 3:2.

Жартылай финалда Карло Анчелоттидің шәкірттері француздық «ПСЖ»-мен кездеседі.