06.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уимблдондағы сенсация: Рыбакина Таусоннан күтпеген жеңілісін тапты

Уимблдондағы сенсация: Рыбакина Таусоннан күтпеген жеңілісін тапты

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі өнерін аяқтады — қазақстандық теннисші үшінші айналымда жеңілісін тапты.

Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған даниялық Клара Таусонмен болған кездесуде Рыбакина фаворит мәртебесін ақтай алмады — матч 6:7, 3:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді.

Бұл жеңіліске дейін қазақстандық спортшы турнирдің екі айналымын сенімді өткен еді, армениялық Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, 6:1 есебімен және грекиялық Мария Саккариді (77-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген болатын.

Атап өтерлігі, Рыбакина үшін бұл турнирдің маңызы ерекше — шамамен үш жыл бұрын дәл осында ол өзінің алғашқы Үлкен дулыға титулын жеңіп алған еді.