05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кайл Уокер «Бернлиге» ауысты

Кайл Уокер «Бернлиге» ауысты

«Бернли» «Манчестер Ситиден» қорғаушы Кайл Уокерді сатып алғанын ресми түрде жариялады.

35 жастағы ағылшын футболшы клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қойды — трансфер сомасы бонустарды қоса есептегенде 5 миллион фунт стерлингті құрады.

Өткен маусымның бірінші жартысында Уокер Италияның «Милан» клубында жалға алу құқығымен өнер көрсетіп, 16 ойынға қатысты — милан клубы футболшының келісімшартын сатып алу опциясын пайдаланбады.