05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челсидің» тактикалық қуаты жеңіске жетуге жеткілікті»: сарапшы клубтық ӘЧ жартылай финалына болжам жасады

«Челсидің» тактикалық қуаты жеңіске жетуге жеткілікті»: сарапшы клубтық ӘЧ жартылай финалына болжам жасады

Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында ағылшындық «Челси» мен Бразилияның «Флуминенсе» командалары кездеседі.

Бұл матчқа қатысты өз пікірін Sport Pulse порталына спорт сарапшысы Асқар Хамиден білдірді.

– Менің ойымша, клубтар арасындағы Әлем чемпионатында «Челси» жүйелі әрі сенімді ойын өрнегін көрсетіп келеді. Осыған дейін бірқатар бразилиялық командаларға қарсы ойнап, олардың ойын жүйесін зерттеп, зерделеп үлгерді деп санаймын. Дегенмен, «Флуминенсе» де оңай шағылатын жаңғақ емес. Олар жартылай финалға жетер жолда Еуропаның үздік ұжымдарының бірі – «Интерді» және жұлдызды құрам «Аль-Хиляльды» жолда қалдырды. Бұл – екі түрлі стильдің шайқасы: Латын Америкасының техникалық, сабырлы футболы мен Еуропаның қарқынды, жүйелі ойыны. «Челсидің» трансформация кезеңінде болуы белгілі бір сенімсіздік туғызғанымен, олардың тактикалық қуаты жеңіске жетуге жеткілікті деп ойлаймын. Бұл ойында екі команда да гол соғады, ал тартысты кездесуде ағылшын ұжымы финалға жолдама алады деп есептеймін.

Матч 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де АҚШ-тағы MetLife Stadium аренасында өтеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!