04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Диого Жотаны еске алып, мыңдаған жанкүйер «Энфилдке» гүл әкелуде

Диого Жотаны еске алып, мыңдаған жанкүйер «Энфилдке» гүл әкелуде

Telegraph мәліметінше, британдық газеттер бірінші беттерінде футбол әлемін күңіренткен «Ливерпуль» ойыншысы Диого Жотаның суреттерін жариялауда.

«Ол шынымен де қарапайым суперстар болды», — деп атап өтті «қызылдардың» аңызға айналған қорғаушысы Джейми Каррагер Telegraph беттерінде.

Мыңдаған жанкүйер «Энфилд» стадионына гүл әкеліп, көңіл айту кітабына естелік жазбалар қалдыруда — көптеген адам португал шабуылшысының рухына тағзым ету үшін сағаттап кезекте тұр.

Портудың Гондомар атты туған қаласында Жота мен оның кіші інісі Андре Силваны еске алу рәсімі өтуде. Футболшыны жерлеу рәсімі ертеңге жоспарланған.